Тағы бір сарбаздың өлі денесі табылды
Жамбыл облысында тағы бір жауынгердің денесі табылды. Оқиға 19 тамызда болған. Бұл жөнінде белсенді Бибігүл Рамазанның Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Биыл көктемде әскерге шақырылған 18 жастағы Бекбол Мираш Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылында туып өскен.
Сол жерден әскерге шақырылған.
Қоғам қайраткері Бибігүл Рамазан 19 тамыз күні сағат 21:40-та сарбаздарды сапқа тұрғызу үшін жинағаны, Бекбол Мираштың келмегені айтылған құжат жариялады.
Сондай-ақ, Бекбол Мирашты іздеуге қатардағы жауынгер жіберілгені, ол он минуттан кейін жігітті "асылған күйі" тапқаны жазылған.
Марқұмның туыстары Бекбол Мираштың мерт болғанын растап отыр. "Ақ Жайықтың" жазуынша, туыстары Бекбол Мираштың суицид жасағанына сенбейді.
Айта кетсек, екі күн бұрын Атырау облысы Исатай ауданында ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің жауынгері қаза тапрты. ҰҚК шекара қызметінің хабарлауынша, ҰҚК шекара қызметі сот-медицина сараптама нәтижесі жауынгердің "кенеттен жүрегі тоқтап" өлгенін жазды. Жауынгердің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалған.