1 қазанға дейін мүлік салығын төлемегендер бірнеше қызметтен қағылмақ

2 421

Мүлік салығын төлемеген борышкерлер бірнеше қызметтен қағылмақ, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


1 қазанға дейін жылжымайтын мүлік салығын төлемеген мыңдаған тұрғын шот ашып, ақша аудару, несие рәсімдеу секілді қызметтерден қағылуы ықтимал. Әрі төлемді кешіктірген әр күні үшін өсімпұл жүреді.


Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, Алматыда 55 мың адам 735 миллион теңгенің салығын төлемеген. Бұл құны 3 миллиард теңгеден асатын 642 мыңнан астам мүлік деген сөз. Оның ішінде тұрғын үй, пәтер, саяжай және гараждар бар.


Оның үстіне өткен жылмен салыстырғанда салық салу нысандарының саны мен бағасы өскен Әсіресе, жаңа нысандар Бостандық ауданында тіркеліпті. Ал төленбеген салықтың негізгі сомасы Медеу ауданының тұрғындарына тиесілі екен. Борыш 315 миллион теңгені құрайды.