Қызылорда да мемлекеттік рәміздер қадірін жоғалтуда
963
Егемендігіміз бен біртұтастығымыздың дәлелі болған мемлекеттік нышандарымыздың бүгінгі сый-күйі қандай? Ал, Қызылорда қаласындағы мекемелерде ілініп тұрған рәміздеріміздің жағдайы қуантарлық емес деп, - хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.
Әр елдің тәуелсіздігін айқындайтын бірден бір белгі ол мемлекеттік рәміздер. Қасиеті мен киесі қатар жүрген байрағымыздың, елтаңбамыздың бүгінгі келбеті қандай? Өзіндік орны мен белгіленген заң талаптарына сәйкес орныққандығын көру үшін қаламыздың біршама мекемелерін сырт көзбен, сүзгіден өткізген болатынбыз.
Қаламыздың орталық көшесінде орналасқан «Денсаулық үйі» атауымен тұрған «Қызылорда облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің туы ластанып, құс саңғырығымен былғанған. Рәмізіміздің былғанғанын біз аңғарғалы бір айдан астам уақыт болды. Денсаулық саласындағы мәселелермен арпалысамыз деп, байрағымыздың бұл хәлін байқауға шамалары жетпеді ма екен?! Күнделікті кіріп шығатын мекеме басшысы мен қызметкерлерінің бұл мәселені аңғармауы салғырттық па, әлде еліміздің рәмізін аяқ асты ету ме? Білдей мекеменің салғырттығы рухымыздың төмендігіне емес, басшыларымыздың санасыздығымен тең.
Видео
Ал «Қызылорда облыстық СПИД- тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі басқармада» көк туымызға немқұрайлық танытыпты. Байрағымыздың ашық аспанды бейнелеген қанық көк түсі, Байқоңыр ғарыш айлағындағы ракеталардың көк аспанды тесіп ұшқаны секілді, шұрық тесік. СПИД-ке қарсы күрес басқармасы дертпен ғана күресіп қоймай, рәміздердің де таза әрі әсем қалпында ғимараттарының төрінде ілініп тұруына күрессе екен. Мекеме басшы мән бермеген болар, алайда онда кіріп-шығатын мекеме қызметкерлері ше? Ол кісілерге де бәрібір болғаны ма? Әлде біздің көк туымыздың құны көк тиын болғаны ма?
Бір түйткіл мәселе біршама сұрақтарға жауап іздеттіріп қоятынын қайтесіз. Талапқа сай келмейтін туларды уақытында алынып, өңдеуден өткізіліп қайта жаңасының ілінуіне де жауапты кісі тағайындалынуы тиіс. Осы тұста өңірдің идеологиясына жауапты ішкі саясат басқармасы қайда қарап отыр деген сауал ойға жиі оралады. Сонда да заң талабы бойынша атқару, жауапқа тарту шаралары да заң аясында белгіленген. Десе де, бұл мәселеге ешкімнің бет бұрыс жасағысы келмейтіндей-ақ. Рәміздеріміздің мемлекеттік мекемелердің төбесінде осындай мүсәпір хәлде желбіреп тұруы қынжылтады. Қаламызда тұратын өзге ұлт өкілдері бұл олқылықты көремеген болар деген ниеттеміз. Онсыз да қазақ жерінде жүріп, мемлекеттік тіл қазақ тіліміздің мәртебесін жоғары деңгейге көтере алмай орыс тілінде сөйлеп өзге ұлтқа күлкі болып жүргенімізде, мемлекетіміздің айшығы саналатын рәміздеріміздің аянышты хәлге түсуі ұлтымызға үлкен сын. Кез келген мемлекетті өзге елге танытып, тәуелсіз мемлекет екенін айқындайтын - тіл және мемлекеттік рәміздер. Жарқын болашаққа іргетасы қаланған бала мемлекет алып мемлекеттермен иық тірессе деген арман. Ел боламын десең, бесігіңді түзе деген атам қазақ. Тәуелсіздігіміздің басты нышандарын өз нығметіне сай құрмет көрсетілсе нұр үстіне нұр болар еді. Қазіргі таңда біздің осы екі басты құндылықтарымыздың аяқ асты етілуі, халқымыздың рухани құлдырауының дәлелі іспеттес.
журналист,
ТОМИРИС