Екі рет үйленген Екібастұз тұрғыны балаларына 5 млн теңге қарыз болып қалды

442

Екібастұзда алимент төлеуден қашып жүрген ер адам балаларына 5 млн теңге қарыз болып қалды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 


27 қаңтар күні Екібастұз мамандырылған сотының үкімімен, 38 жастағы азамат кәмілеттік жасқа толмаған балаларына алимент төлемегені үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабы, 1-тармағы ("Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау") бойынша кінәлі деп танылды. Ол екі сот актісі бойынша әрқайсысына 5 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. 

Ер адам екі рет некеде болған. Әр отбасыда кәмілеттік жасқа толмаған балалары бар. Ол ешбір баласына алимент төлемеген. 
Ер кісінің бұрынғы әйелдері сот орындаушыға жүгінді. Ер адамның балаларына 5 млн теңгеден аса қарыз болып қалғаны анықталды. 

Учаскелік инспектор алимент төлеуден қашып жүрген әкейді тапты. Оның үстінен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабы бойынша екі әкімшілік іс қозғалды. 

Құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылғаннан кейін де алимент төлемейтін болса, қылмыстық іс қозғау жағы қарастырылмақ. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.