АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІН ТЫҢДАДЫ

1 111

Фото: Шиелі аудан әкімдігіКеше аудан әкімінің орынбасары Ысмағұлов Болатбек Әбдулхайысұлы азаматтардың жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қоғамдық қабылдауға жазылған аудан тұрғындары тұрақты жұмысқа орналасу, тұрғын үй кезегіне тұру, жер телімін заңдастыру және көпбалалы, жалғызбасты ана тұрғын үй мәселесі бойынша өтініштерін білдірді.

Қабылдау барысында тұрғындардың өтініштері тыңдалып, аудан әкімінің орынбасары сала басшыларын шақыртып тиісті тапсырмаларын берді. Берілген өтініштер заң аясында қаралып, тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.