Шығыс Қазақстан тұрғындары бұрынғы уақытты қайтаруды сұрап, петиция жариялады

1 594

Фото: ulysmedia.kzЕліміздің шығысында тұратын қазақстандықтар уақытты өзгертуден бас тартуды талап етіп петиция құрды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Олардың пікірінше, бұрынғы уақытқа қайту халықтың әл-ауқатын жақсартып, қатерлі ісік, рахит, иммунитет тапшылығы және психологиялық бұзылулардың алдын алады.


"Уақыттың ауысуы нәтижесінде туындауы мүмкін мәселелерді шешуге назар аударып, аймақтағы жағдайды жақсартатын ымыралы шешім табу керек. Өйткені бұрын 1 сағатқа ерте қараңғы болса, қазір 2 сағат. Келешекте бұл мәселелерді шешу өңірдің дамуына және оның тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға қолайлы жағдай туғызады", - делінген петиция мәтінінде.


Айта кетейік, бұған дейін 1 наурыз күні Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне ауысқан болатын.


Уақыт белдеуін ауыстыру туралы ұсынысты “Аманат" партиясы фракциясының мүшесі Еркін Әбіл айтқан еді. 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Қазақстан аумағында бірыңғай уақыт белдеуін енгізу ұсынылған болатын. 19 қаңтарда бірыңғай уақыт белдеуіне ауысу туралы қаулыны Қазақстан үкіметі қабылдады.


Мамандар мұның денсаулыққа пайдасын айтты.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.