Қос ауылдың әкімдерін таныстырды

1 509

Фото: Шиелі ауданының әкімдігіБүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Алмат Алдабергенов пен аудандық мәслихат төрағасы Айтбай Жандарбеков және аудан әкімінің аппарат басшысы Ғалымжан Каримов Иіркөл, Майлытоғай ауылдық округтерінде болып, тұрғындарға елді-мекендердің жаңа әкімдерін таныстырды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жиын барысында Алмат Әбдуәзизұлы жаңадан сайланған әкімдерге зор міндет пен жауапкершілік жүктелгенін сол сенімнің үдесінен шығу үшін қос азамат бар күш-жігерлерін жұмсап, жүйелі жұмыс атқару керектігін айтты.


Аудандық мәслихат төрағасы Айтбай Насриддинұлы болса, ауыл тұрғындарын бірлікке шақырып, сайланған әкімдерге қолдау білдіріп, жанынан табылуға шақырды. Келесі кезекте сөз алған ауыл ақсақалдары осыған дейін қызмет атқарған ауылдық округ әкімдеріне сәттілік тілеп, алғысын білдірді.


Ал, жаңа ауыл әкімдеріне тек қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.Айта кетейік, дауыс беру нәтижесінде Иіркөл ауылдық округінің әкімі болып Байділдаев Бақытжан Әлиайдарұлы сайланса, Майлытоғай ауылдық округі әкімі болып Мамбетов Әбілқасым Әбілдаұлы сайланған болатын.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.