Апаттар медицинасы орталығы – азаматтардың саулығын қорғауда
«Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің негізгі мақсаты – күнделікті ақпарат алып, облыс көлемінде төтенше жағдай кезінде халыққа жедел медициналық көмектің көрсетілуін қадағалау, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдай туралы ақпараттарды Денсаулық сақтау басқармасына, Төтенше жағдай департаментінің «Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет басқармасына», Республикалық «Апаттар медицинасы орталығына» жедел беріп отырады. Биыл бұл орталықтың құрылғанына – 30 жыл. Осы жылдар аралығында ел-жұртпен етене байланыс жасап, қиналғанға көмек көрсетті. Мереке қарсаңында ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы филиалының бөлім басшысы Нұрбол Сауытбаев орталықтың атқарған жұмыстарын мәлімдеп берді.