Алматы облысында су тапшылығынан шаршаған әйел әкімдік ғимаратына келіп, кір киімдерін жуған

305
Алматы облысындағы Тұздыбастау ауылының тұрғыны ауылдық әкімдік ғимаратында наразылық акциясын өткізді. Су тапшылығы мәселесін көтерген әйел шенеуніктер отырған жерге келіп, кір киімдерін жуған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
наразы айел коллаж
Әлеуметтік желілерде Тұздыбастау ауылының тұрғынының ауыл әкімдігі ғимаратында кір жуып отырғаны туралы видео тарады. Қажетті заттарын өзімен бірге алып келген ол ауыл әкімшілігінде балалардың киімдерін жууға кіріскен. Осылайша ауыл тұрғыны биліктің назарын су құбырындағы мәселеге аударғысы келген.


Әлеуметтік желі қолданушылары әйелдің әрекетін қолдап, пікір қалдырған. Олар ауылда су тапшылығы маусым мен қыркүйек айларында тұрақты болып тұратынын айтқан. Ал сырттан келесі су тұрғындар үшін қымбатқа түседі.


Жергілікті әкімдіктегілер әйел тұратын "Айжарық" ықшам ауданына су жекеменшік су құбыры арқылы берілетінін айтып, түсіндіруге тырысқан. Бірақ ол құрылыс нормаларын сақтамай жүргізілгендіктен, қайта жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет.


Облыс әкімдігінің баспасөз хатшысының айтуынша, Тұздыбастаудағы су тапшылығы желілердің тозуы салдарынан туындаған. Ал ауылдағы құбыр 60-70 жылдары пайдалануға берілген."Желілердің тозуы 100 пайызға жеткен. Сондай-ақ, суару үшін арна желілерінің жоқтығынан су тапшылығы маусымнан қыркүйекке дейінгі жазғы кезеңде ғана сезілетінін айта кеткен жөн", - дейді баспасөз хатшысы.

Ғалымұрат Жүкел "Тұздыбастау ауылының су құбырын қайта жаңғырту және салу" жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге бюджеттік өтінім тиісті мекемелерге жолданғанын атап өтті.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.