"Мисс Қазақстан" байқауына трансгендерлер қатыса алады

1 449

Фото: Getty Images18 маусымдағы баспасөз жиынында Miss Qazaqstan қорының жетекшісі Айжан Рузаева биылғы «Мисс Қазақстан» байқауына трансгендер және дене бітімі өзгеше арулар да қатыса алатынын айтты,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Байқаудың финалы биыл күзде Алматы метросында өтеді.

"Plus-size арулар қатыса алмайды дегенді кім айтты? Біз мұндай қатысушыларды қуана қарсы аламыз. Біз бәрін күтеміз. Мейлі ол трансгендер болсын, мейлі plus-size болсын – бұл еркін таңдау. Егер адам өзін солай сезінсе, қатыса алады. Біз бәріне ашықпыз. Егер plus-size қыз келіп, әдемі, харизматикалық, жарқын болса, оны да қарастырамыз. 90-60-90 өлшемдері баяғыда-ақ ұмыт болған, – деді Айжан Рузаева.

Финал 30 қараша күні түнгі 23:00-де Алматы метросындағы "Мұхтар Әуезов театры" станциясында өтеді. Мұндай кеш уақытты ұйымдастырушылар жолаушылар қозғалысына кедергі келтірмес үшін таңдаған. Байқау жабық форматта өтеді, билет сатылмайды. Финалды тек арнайы жіберілген аты-жөні жазылған шақыртулармен ғана көруге болады. Іс-шараны шамамен 90 адам тамашалай алады, олардың қатарында блогерлер мен журналистер бар. Қалған көрермендер байқауды ресми онлайн трансляциялар арқылы көре алады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.