Қармақшы: Ақай ауылында былтыр 11 тұрғын қайтарымсыз грант алды
Түбі бір түркінің ортақ тұлғасы Қорқыт бабаның мәңгілік мекені, адамзат алғаш аспанға аттанған Байқоңыр ғарыш айлағы орналасқан Қармақшыдағы оң өзгерістер халықтың көңілін өсіріп отыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Kyzylorda-news.kz сайтына сілтеме жасап.
Бүгінде Қызылдың қиянынан космосқа құлаш ұрған жұлдызды қала Байқоңырға дейінгі аралықтағы барлық ауылдарда қызу тіршілік жүргізіліп жатқандығына көпшілік куә. Қатарға қосылған құбырлар, қайта жанданған көшелер, бөбек толы балабақша, құшақ ашқан тұрғын үй, жаңа амбулаториялар, спорт кешендері ауданның бүгінгі күнінің көрікті көрінісіне айналуда.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, республикалық, облыстық бюджеттен бөлек, жұртшылықтың көңілінен шыққан, әлеуметтік саланың шырайын кіргізген «Ауыл - Ел бесігі» жобасы аясында атқарылған жұмыстар өз алдына бір төбе дерлік. Ақай ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы осының дәлелі. Ақай ауылына газ құбыры желілерін салуға ҚР Ұлттық Қорынан, республикалық бюджеттен Төретам кентіндегі газ құбырларын салу жұмыстарының қаржысы шешілген. Ақай ауылдық округінің Астана көшесінен №1-ТВ техникалық су ұңғымасын бұрғылау, Ақай ауылындағы Құдайбергенов, Қазыбек Би, Баймаханов, Төретам кентіндегі Байсейітов көшесі мен №269 мектептің №22-ТВ, №23-ТВ техникалық су ұңғымасын бұрғылау жұмыстарына қаржы облыстық бюджеттен бөлінді. Ал Аудандық бюджеттен Ақай ауылдық округіне балалар ойын және спорттық тренажер ойын алаңын орнатуға, 5 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге, ауылдағы Майлин, Әуезов көшелерін жарықтандыруға, Төретам-Ақай айналма жолын күрделі жөндеуге, Төретам кентіндегі Байсейітов, Байтұрсынов, Момышұлы көшелерін ағымдағы жөндеу, Мұратбаев тұйығы, Амангелді тұйығы, Мамыр көшелерінің орташа жөндеу жұмыстарына, кенттегі Мұсабаев, Мәметова, Құлтасов көшелерін жарықтандыруға қаржы қарастырылды.
Төртінші деңгейлі бюджет есебінен елді мекендерді көгалдандыру, Ақай ауылдық округіндегі Жанқожа батыр, Астана, Бейбітшілік, К.Күншығаров, Б.Майлин, М.Әуезов көшелеріне техникалық паспорт жасатуға сондай-ақ, балалар ойын және спорттық тренажер алаңына, аяқ су жүргізуге арналған ұңғыма жұмыстарына, Дүр Оңғар, Бәйтерек көшелеріне жарық шамдары орнатуға, бейнебақылау камераларына жөндеу жұмыстары және техникалық қызмет көрсетуіне, Астана көшесінен орнатылған су ұңғымасын электр желісімен қамтамасыз ету жұмыстарына, Төретам кенті бойынша ұңғыма құдықтарын электрмен жабдықтау жұмыстары үшін қаражат бөлінді.
Ауылдық округтегі құрылыс жөндеу және абаттандыру жұмыстарына келсек, санитарлық-тазалық айлығы аясында ауылымызды тазартуға және көркейтуге байланысты ауыл іші 8 аймаққа бөлініп, әр аймаққа жауапты етіп әкім аппаратының қызметкерлері, мен мекеме басшысылары (келісімі бойынша) бекітілді. Былтыр жоспарланған 2 388 мың теңге мемлекеттік сатып алу заңдылықтарына сәйкес жеке кәсіпкер «Исабаева» жеңімпаз болып танылып, ауыл сыртында заңсыз жиналған күл-қоқыстар шығарылды. Сонымен қатар елді мекенді абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарына «Атамұра-Жүсіп» ЖШС келісім шарт жасалып, канал мен су құбырларының көру құдықтары тазартылып, аптасына 4 рет, 250 үй мен №99 орта мектеп және «Достық» саябағына су айдалды. Сондай-ақ – Ауылдық округте атқарылып жатқан жұмыстар жетерлік. Соның ішнде ауыл паспортын, кіре берістегі «I Love Akai» және «Достық» саябағындағы кіші архитектуралық нысандарын күтіп ұстауға және, ауылда орналасқан аялдамаларды ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ауылдық округінде орналасқан 17 бейнебақылау камераларына жөндеу жұмыстары және техникалық қызмет көрсетілді. Мұнан бөлек тұрғындардың автомобиль жолдарында қауіпсіздігін сақтау мақсатында ауыл ішілік асфальтталған көшелерге жолақ сызу және жолаушы жолақтарын сызумен қатар оқушылар макеті орналастырылды, – дейді ауылдық округ әкімі.
Аудан әкімінің және аудандық депутаттардың қолдауымен аудандық бюджет есебінен ауылдағы М.Жұмабаев, Шәмшат жырау, Достық, Дүр Оңғар, Бәйтерек, Қызылорда, Қармақшы, Байқоңыр, Рүстембек жырау, Астана көшелеріне жарықтандыру үшін қаржы бөлініп, қолданыстағы бағаналарға жарық шамдары орнатылды.
Ақай ауылында барлығы 39 көше бар. Ұзындығы 31,42 шақырым. Оның 41% асфальттанған, 99,9% жарықтанған. Оның ішінде: 36 – жарықтанған. 16 – асфальттанған, 21 – топырақты, 1 – қиыршық тасты, 1 – плита төселген.
«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында Қазыбек би, Құдайбердиев, Баймаханов көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарына қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, «Балалар ойын және спорттық тренажер алаңының» құрылысы салынды. Крайний әуежайына баратын жолдың сол жақ бетін аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында бір ұңғыма қойылып, жарықпен қамтамасыз етіліп, айналасы қоршалды.
Ақай ауылдық округіндегі Жанқожа батыр, Астана, Бейбітшілік, К.Күншығаров, Б.Майлин, М.Әуезов көшелеріне техникалық паспорт жасатуға сондай-ақ, балалар ойын және спорттық тренажер алаңына, аяқ су жүргізуге арналған ұңғымаға жеке меншік құқығын беретін акт (көк қағаз) дайындауға қаражат бөлініп құжаттандырылды.
Ауыл әкімінің 2023 жылдың 1 наурызында №67 шешімімен «Кар-Тел» ЖШС-не 5 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы табысталды. Қазіргі таңда мұнарасын қою жұмыстары жүргізілуде.
Биылғы жылға жоспарланған біршама жобалар да бар. Аудандық бюджеттен М.Әуезов, Б.Майлин көшелерін жарықтандыруға жоба-сметалық құжат жасау үшін қаржы бөлініп, жоба сметалық құжатары әзірленіп, сарптаманың оң қорытындысы алынды. Сонымен қатар ауылдағы көшелерге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 5 көшеге жоба-сметалық құжат әзірлеуге қаражат бөлініп, қазіргі таңда жоба әзірленіп жұмысын бастайды.
Мәдениет және спорт салаларына келсек, есепті кезең ішінде 42 мәдени іс-шара өткізілді. 6 үйірме, 1 үгіт бригада жұмыс жасайды. Ән, би, көркем сөз, драма, қуыршақ, мәдениет үгіт бригадасы барлығына 117 мүше тартылған. Спорт және дене шынықтыру. №16 балалар – жасөспірімдер спорт мектебінде 42 бала самбодан дәріс алуда.
Ауылдық округте жұмыссыздықты азайту бағытында бірқатар жұмыстар жүргізілді. Оның ішінде жастар практикасына 10 азамат, әлеуметтк жұмыс орындарына 8 азамат, қайтарымсыз 11 адам, алғашқы жұмыс орнына 3 адам, ұрпақтар келісім шартына 1 адам, күміс жас жобасы бойынша 2 адам. Жалпы жыл көлемінде 126 адам жұмыс орнына орналасқан.