СҚО-да мал арасында қауіпті жұқпалы індет таралды деген күдік бар – министр
334
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданына қарасты төрт шаруа қожалығындағы малдың қырылуына қатысты ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәжіліс кулуарында журналистер сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы құзырлы органдар тиісті жұмыстарды жүргізіп жатқанын айтты.
Бұл ретте министр халық малды өз бетінше өртеп жатыр деген қауесетті жоққа шығарды. Оның айтуынша, бұл процеске мал дәрігерлері де тартылған.
Инфекциялық ринотрахеит – қызба, жоғары тыныс жолдары, көздің, жыныс мүшелерінің кілегей қабықтарының қабынуы және орталық жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуымен сипатталатын аса жұғымтал вирус тудыратын ауру. Жасы мен жынысына қарамастан барлық ірі қара мал бейім. Бордақылаудағы мал жиі шалдығады. Ауру қоздырушы тікелей жанасқанда (ұрықтану кезінде) және ауа арқылы беріледі.

Ринотрахеитке күдік бар. Тексеріліп жатыр, диагноз қойылса, карантиндік шаралар енгізіліп, екпе салу, залалсыздандыру сияқты жұмыстар жүргізіледі. Әлі диагнозы нақтыланған жоқ, дегенмен жұқпалы ауруға күдік бар,- деді Ербол Қарашөкеев.