Кафеде тыныштық сақтауды сұраған полицей ауыр соққыдан көз жұмды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Өскеменде 4 қазанға қараған түні кафелердің бірінде жанжал болып, салдарынан 40 жастағы полиция қызметкері қаза тапты, - деп Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, келушілердің бірі өзін дұрыс ұстамағаны үшін ескерту жасаған ер адамға дене жарақатын салған. Ол 40 жастағы ер адамды теуіп, соққыдан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған. Тағы бір адам зардап шеккен. Бейнебақылау камераларындағы жазбадан күдіктінің оны басынан ұрғанын көруге болады.
“Қаза тапқан азамат полиция қызметкері болған. Оқиға кезінде ол қызметтік міндетін атқарып жүрмеген”, – делінген хабарламада.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасып жатыр. Істің мән-жайына қатысты өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды.
Қаз
Рус






