Еңбекке жарамсыздық төлемі өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға берілмейді

4 482

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:  Gov.kzӨзін-өзі жұмыспен қамтығандарға еңбекке жарамсыздық төлемі беріледі деген жалған ақпаратқа қатысты министрлік үндеу жасады,-деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпараттық агенттігі.

Соңғы уақытта  әлеуметтік желілерде 2026 жылдан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша төлемақы төленеді деген ақпарат тарады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше қазіргі қолданыстағы заңнамаға сәйкес төлем Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының (МӘСҚ) қаражаты есебінен тек белгілі бір жағдайларда ғана жүзеге асырылады. 

Атап айтқанда:

  • еңбек қабілетінен айырылу;

  • асыраушысынан айырылу;

  • жұмысынан айырылу;

  • жүктілік пен босану;

  • бала күтіміне байланысты табыстан айырылу (1,5 жасқа дейін).

Уақытша еңбекке жарамсыздыққа (мысалы, науқастанған кезде) байланысты төлемдер тек жалдамалы жұмыскерлерге қарастырылған. Ал өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар мұндай төлемдерге құқылы емес, өйткені олар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайды және тұрақты жарна төлемейді. Министрлік мұндай ақпаратқа сенбеуге және тек ресми дереккөздерге жүгінуге шақырады.




OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.