АУДАН ӘКІМІ БАРЛАУ-ӨНДІРІСТІК ҰҢҒЫМАСЫН ОРНАТУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

1 208

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Сырдария ауданыАймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізуді тапсырған болатын. Осыған байланысты бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев С.Сейфуллин ауылындағы №30 барлау-өндірістік ұңғымасын орнату бойынша монтаждау жұмыстарымен танысты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Биыл С.Сейфуллин және Іңкәрдария ауылдарында қосымша барлау-өндірістік ұңғымасын орнатуға аудандық бюджеттен 117,9 млн. теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде С.Сейфуллин ауылындағы барлау-өндірістік ұңғымасын орнату жұмыстарын мердігер мекеме «Stroy Global – 2018»  ЖШС атқаруда. Ал Іңкәрдария ауылында құрылыс жұмыстары енді басталатын болады.

Құрылыс жұмыстары туралы аудан басшысына «Нұра топтық су құбыры» РМК «Арал» СЖКБД филиалының аудандық өндірістік учаске басшысы Марат Исмагулов айтып өтті. Қазіргі таңда ұңғыма орнату жұмыстары аяқталып, ауыз суды тазарту жүргізілуде.

Аудан әкімі тұрғындарға ауыз суды тәулік бойына беруде еш кедергі болмау керектігін атады. Соған сай қосымша өндірістік су ұңғымасының сапасына аса мән беру керектігін атап, салалық орынбасарына тұрақты бақылауда ұстау жөнінде тапсырма берді.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.