Желіде балағат пікір жазған қызылордалық әйелге үкім шықты

1 257

Фото: pixabay.comӨскемен соты бұдан бір жыл бұрын әлеуметтік желіде балағат пікір қалдырған Шиелінің ауылының тумасына сот үкімін шығарды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қызылорда облысы Шиелі ауылының 27 жастағы тұрғыны әлеуметтік желіде боғауыз сөздерді қатемен, әдейі әріптерін тастап жазса да жаза арқалады. 

Әйел желіден "Өскемен тұрғыны таныс қызын подъезде аяусыз соққыға жыққаны туралы" оқиғаны оқыпты. Бұл туралы жәбірленуші өзі БАҚ-қа баяндаған. Сөйтіп артынша ауыл тұрғыны жағдайға қатты әсерленіп, болжамды агрессорды әлеуметтік желілерден тауып, оған бейәдеп сөздер жазған. Айтқан сөздерінің ішінде боғауыз сөздер қатемен жазылған.

Бірінші жағдайда әйел "Защита прав женщин далб..б ты" деп жазса, екінші жағдайда бейтаныс адамды дәстүрлі емес жыныстық бағыт өкілі деп атаған.

Өскемен тұрғынының неліктен ұзақ уақыт өткеннен кейін оны жауапқа тартуға бел буғаны белгісіз. Боғауыз сөздердегі қателіктерге қарамастан, сарапшылар оларды оңай танып, хабарламаларда "адресаттың ар-намысын қорлайтын белгілер бар" деген қорытындыға келген.

"Бірінші инстанциядағы сот ауыл тұрғынын Қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша кінәлі деп тауып, 73 840 теңге айыппұл салды. Бұдан бөлек, ол миллион теңгеден астам қаражат төлеуге мәжбүр болды, оның көп бөлігі — сот шығындары", – делінген хабарламада.

Алайда әйел қылмыстық жауапкершіліктен құтылып кетті. Себебі апелляциялық сотта іс қаралып жатқанда, қылмыстық жауапкершіліктің мерзімі өтіп кеткен еді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.