Оң жақпен басқарылатын шетелдік көліктерді заңдастыру мәселесі қаралып жатыр

244

Министрдің айтуынша, әзірге оң жақпен басқарылатын көліктерге қатысты мәселе тек талқыланып жатыр, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Қазақстанда мұндай көліктерді алғашқы тіркеуге қоюға болмайды деген заң 2007 жылдан бері бар. Алайда Президент тапсырмасынан кейін басқа шешім қабылдануы мүмкін.

Қазір елімізде оң рөлді 19 мың көлік тіркелген. Сондай-ақ 300 мыңнан аса көлік шетелдік нөмірмен жүр. Мәселен Ресейден (259 927), Қырғызстаннан (25 546), Армениядан (17 911), Беларусьтен (416) және ЕЭО-ға кірмейтін елдерден (3 700 көлік) бар,— деді Марат Ахметжанов.

Министрдің айтуынша, оларды 200–250 мың теңге төлеп, заңдастырып алуға болады. Оның нақты шарты мен мерзімі Салық және Экологиялық кодекске өзгеріс енгеннен кейін анықталады. 

Сондай-ақ заңдастыру тәртібі барынша жеңілдейді. Мысалы өтінішті смартфон арқылы беруге болады. Базадағы деректер бойынша тексерістен сәтті өткен көлік иесін аранйы ХҚКО-ға шақырады.




Ал нөмірі өзгерген, қылмыстық іздеуде жүрген, кедендік ресімдеуден өтпеген және 2022 жылғы 1 қыркүйектен кейін келген автомобиль заңдастырылмайды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.