Өртке оранған көліктің жанынан ер адамның күйік шалған денесі табылды

1 611

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Ашық дерек көзіПавлодардағы аулалардың бірінде өртеніп кеткен көліктің жанынан ер адамның денесі табылды. Құтқарушылар оқиға орнына көліктен өрт шыққаны туралы шақыртуға барған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Құтқарушылардың айтуынша, қоңырау 2 ақпан күні таңғы бес жарымда түскен. Хабарламада Lada Granta көлігі өртенгені айтылған. 

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер көлік маңынан 23 жастағы ер адамның өлі денесін тапты. 

"Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері көліктің жанынан 2001 жылы туған ер адамның күйік шалған мәйітін тапты. Өлім себебі анықталып жатыр", - деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

Көліктегі өрт жарты сағатқа жетпей сөндірілді. Өрттің жалпы аумағы төрт шаршы метр болды. Қазір өрттің шығу себебі мен шығыны анықталып жатыр. 

"Мәйіт табылғаны туралы факт бойынша материалдар полицияға беріледі", - делінген ведомство хабарламасында.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.