"Қазақстан темір жолы" басшылығы тергеуге алынды

212

Фото: ҚТЖ"Қазақстан темір жолы" АҚ басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ақпарат еліміздің Бас көлік прокуратурасының ресми сайтында жарияланды. Мәліметте Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Бас көлік прокуратурасы заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру фактісі бойынша "ҚТЖ" АҚ басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғаны жазылған.

"Арызға сәйкес келтірілген алдын ала залал 1,5 миллиардтан астам сома ретінде көрсетілді. Іс процесс прокурорлары тобының басшылығымен жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді," — делінген ресми ақпаратта.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.