Сабақ кезінде 6-сынып оқушысының мұрны сынған
Павлодарда дене шынықтыру сабағында 6-сынып оқушысының мұрны сынған. Соққыдан кейін бала есінен танып қалған, - деп хабарлады "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап.
Басылымның хабарлауынша, Павлодардағы №9 мектептің 6-сынып оқушысының мұрны сынған. Болған жайтта бала анасына айтқан. Алайда зардап шеккен оқушының анасы мектептің бейнебақылау камераларындағы жазбаны көрмек болғанда, білім мекемесінің әкімшілігі дене шынықтыру сабағы кезінде стадион қараңғы болғандықтан, жазбада ештеңе көрінбейтінін айтып, көрсетуден бас тартқан.
Кейінірек мектеп әкімшілігі ата-аналармен кездесу өткізген. Директор жәбірленушінің анасынан шағымы жоқ екенін және полицияға жүгінбейтіні туралы қолхат алған. Алайда құқық қорғау органдары мән-жайдан хабардар болған.
Басылым материал сотқа жіберілгенін жазды.