Алматылық келіншек өзінің тірі екенін дәлелдей алмай жүр

312

Себебі, қайтыс болған танысы бір кездері түсініксіз себептермен бірнеше мәрте қыздың аты-жөнін қолданған көрінеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Әуелгі әңгіме көмекші боп келген марқұмның қарызға ақша алуынан басталды»,– дейді қала тұрғыны.
Кейіннен ол Фидан Абилованың мәліметтерін өз құжаты ретінде пайдаланып, ауруханаға жатқан, деп жазады Almaty.tv.

«Мұның бәрін былтыр 26 қыркүйекте білдім. Менің жеке куәлігімді көшірмеден өткізіп, білгенін істепті. Ол қайтыс болып кетті ғой, ал мен әлі де өзімнің тірі екенімді дәлелдей алмай құжат жинап жүрмін», – деді қала тұрғыны Фидан Абилова.

Фидан Абилова жиналған құжаттың бәрін прокуратураға өткізгенін айтады. Кейіннен мәлім болғандай, қайтыс болған адам Абилованың аты-жөнін 6 айдай қолданған. Қазір аталған іске қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

«Азаматшаның прокуратураға берген арызының негізінде актілік жазбаның күшін жою туралы талап енгізілді. Нәтиже бойынша зардап шеккен адамның бұзылған құқығы қалпына келтірілді», – деді Түрксіб ауданының прокуроры Айбек Бәрпібаев.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.