Партия филиалының атқарушы хатшысы тағайындалды
Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен актив жиыны өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Кадрлық өзгеріске байланысты ұйымдастырылған жиынға аудандық мәслихат төрағасы Е.Әжікенов, аудандық мәслихат депутаттары, кент және ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары қатысты.
Жиында аудан басшысы «AMANAT» партиясы Орталық аппаратының келісімі негізінде 2024 жылғы 23 қазаннан бастап партияның аудандық филиалының Атқарушы хатшысы қызметіне Ақтөре Ибрагимұлының тағайындалғанын айтып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.
Жиында аудандық мәслихат төрағасы Е.Әжікенов, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы М.Еспенбетов сөз сөйлеп, тілектестігін білдірді.
А.Ибрагимұлы 1993 жылы туған, «Болашақ» университетін «Журналистика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2011 жылы республикалық «Қазақстан жолы» газетінде бастап, аға тілші, жауапты хатшы қызметтерін атқарған. 2014-2017 жылдары Сырдария аудандық «Тіршілік тынысы» газетінде тілші, 2017-2019 жылдары Сырдария ауданы әкімі аппаратында аударма жөніндегі редактор, аудан әкімінің көмекшісі – баспасөз хатшысы болып еңбек еткен. 2019 жылдан бүгінгі күнге дейін Сырдария аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің бас редакторы қызметін атқарып келді. Сырдария аудандық мәслихатының VII, VIII шақырылымдағы депутаты, аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі.
Жақында аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы қызметіне жаңа тағайындау жарияланды. Бұл өзгеріс ауданның саяси қызметінің тиімділігін арттыру, партиялық жұмыстардың үйлесімді жүзеге асырылуы үшін маңызды қадам болып табылады.