ҰҚК мен Ғылым министрлігі БҚМУ ректорының ұсталғанын растады
Желіде Махамбет Өтеміс атындағы Батыс Қазақстан университетінің ректоры Нұрлан Серғалиевтің ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Оған Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті түсініктеме берді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі .
Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Нұрлан Серғалиевтің ұсталғанын растады. Комитеттің мәліметінше, ректорды 21 шілдеде Батыс Қазақстан облысы бойынша ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері ұстаған.
Оған қоса министрдің 2026 жылғы 23 шілдедегі бұйрығымен Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті басқарма төрағасы – ректорының міндетін уақытша атқарушы болып басқарма мүшесі, академиялық мәселелер жөніндегі проректор Гүлжаһан Қайсағалиева тағайындалған.
Ал Ұлттық қауіпсіздік комитеті аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.







