50-ден астам жылқының өлексесі табылған

1 514

Фото: Видеодан скриншотҚайғылы жағдай Атырау облысы Исатай ауданына қарасты Қамысқала ауылында болған,- деп хаабрлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Аудан әкімдігі арнайы техникалар арқылы мал азығын тасымалдау жұмыстарын жүргізу үшін өндірістік кәсіпорындармен сөйлесіп жатыр. Мал бағып отырған азаматтардың арасынан қажетті мал азығын сатып алу үшін оператор тағайындау арқылы бұл жұмысты жүзеге асыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, жемшөп бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында тұрақты бақылау жүргізілуде, – деді Исатай ауданы әкімінің орынбасары Нұрберген Утегенов.

Осы ауданға қарасты Зинеден ауылында қазір 65 ірі қара ауырып тұр. Шаруашылықтардағы мүйізді ірі қара арасында жұқпалы ауру белгілері байқалып, ауырып тұрған малдардан сынамалар алынған. Кейін Астана қаласындағы "Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығы" РМК зертханасына жолданған.

Нәтижесінде сиырлардан диарея және инфекциялық ринотрахеит ауруы анықталды. Ветеринарлардың сөзінше, бүгінде бұл ауылда мал өлімі тіркелмеді, елді мекенге малды алып келуге және кетуге тыйым салынған.

 Осыған байланысты Исатай аудандық аумақтық инспекция басшысының ұсынысымен Зинеден ауылдық округі әкімі шешімімен ауылдық округ аумағына шектеу іс-шаралары белгіленді. Ошақ аумағында "Республикалық эпизоотияға қарсы отряд" РММ Атыраудағы мамандары аула-қораларды дезинфекциялап жатыр. Сонымен қатар "Республикалық эпизоотияға қарсы отряд" мекемесі, аудандық аумақтық инспекция, ветеринариялық станса мекемесі мамандары ауыл тұрғындарымен кездесіп, қазіргі эпизоотиялық жағдай, қабылданып жатқан шаралар және сақтық талаптары туралы кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізді, –деді Исатай аудандық ветеринария стансасының басшысы Асыланбек Шәріпов.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.