Қызылордада 10 миллионға отырғызылған көшеттер неге көктемеді?
1 682
Қызылордада қыруар қаржыны талап еткен жоба аяқсыз қалды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қызылорда қаласын жасыл өлкеге айналдыру мақсатында, 2021 жылы Қожа Ахмет Яссауи көшесінің бойына 10 миллион теңге 2000 түб көшет егілген болатын. Алайда, тамшылатып суару әдісі бойынша жүзеге аспақ болған жоба бүгінде қараусыз қалды.
Бұл туралы қалалық мәслихат депутаты Ерлан Мусаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қала әкімі Асылбек Шаменовке ашық үндеу ретінде жариялаған болатын.
Шындығында, отырғызылған көшеттердің бірі арық ішінде жатса, енді бірі жыл бойына бүршік те атпаған. Қаламыздың көркін келтіріп, көгалдандырмақ болған билік өңірімізде су тапшылығымен қатар жеріміздің құнарсыз екендігін де ұмыт қалдырғандай. Тұзы шығып сор болған көше бойына 10 миллион теңгеге 2000 дана көшет отырғызылғанымен бүгінде сапасына сай емес екендігін аңғардық.
Ал, мәслихат депутатының айтуынша, Яссауи көшесінде «Халықтың қатысуы бюджеті» жобасы аясында облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Болат Нұрқожаевтың бастамасымен 10 000 000 данаға 2 000 мың дана көшеттерді суару жүйесін ұйымдастыру керек еді. Тендер қорытындысы бойынша мердігер бүгінгі күнге дейін өз міндеттемелерін толық орындамаған. Менің жеке пікірім, бұл әрбір тұрғын өзінің азаматтық белсенділігін көрсете алатын шынайы танымал жобаның беделін түсіру деп атап өтті.
Қаламыздың Яссауи көшесінің бойындағы атап айтқанда, темір жол бойындағы аумақты көгалдандыру мақсатында байқау жарияланғандығы да белгілі болды. Ал, Қызылорда қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесі мамандарының айтуынша,
Тамшылатып суарылатын көшеттердің дені қурап қалған. Оның үстіне қамыс пен жабайы шөптен көз ашпайтын соры бетіне шығып, тұзы ұшып, топырағы тісіңнің арасында жүретіндігі тағы бар. Расында, егер өлкемізді жасыл етпек болған екен десек, табиғи кемшін тұстарымызды сусыз да өсуге бейім ағаштарды отырғызу керек пе еді?
Бұл жөнінде жобаның басы-қасында жүрген қоғам белсендісі:
АЙГЕРІМ РАХЫМЖАНҚЫЗЫ

«Байқау қорытындысы бойынша мердігер ұйым – «Ақсырым» ЖШС анықталды. Келісімшарт серіктестігімен 21.06.2021 жылғы №179 келісім-шарт жасалған және шарт 31.12.2021 жылға дейін жарамды. Қазіргі уақытта мердігер келісім-шарт мерзімі біткеннен кейін өңделмеген көшеттерді қайта егіп жатыр, ал тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы суару су мәселесін шешуде, себебі бұрын бұл аумақта орналасқан ұңғыманы жабу мүмкін емес»,- деді.
Тамшылатып суарылатын көшеттердің дені қурап қалған. Оның үстіне қамыс пен жабайы шөптен көз ашпайтын соры бетіне шығып, тұзы ұшып, топырағы тісіңнің арасында жүретіндігі тағы бар. Расында, егер өлкемізді жасыл етпек болған екен десек, табиғи кемшін тұстарымызды сусыз да өсуге бейім ағаштарды отырғызу керек пе еді?
Бұл жөнінде жобаның басы-қасында жүрген қоғам белсендісі:
«50-лік трубадан аққан сумен 2 км жердің арығын сумен толтырып арық жүйесімен тал егем деген қисынсыз, ол тек құбырмен ғана мүмкін. Жоба тұр, 10 млн да тұр(жоба сметалық құны 37 млн), алып игерем деушілер болса түсіп алуына болады, дым кедергі жоқ, құбырын жүргізіп, жерін тегістеп талын егіп, жаздай күтіп баптап шығарса болды.»- дейді Болат Нұрқожаев.
АЙГЕРІМ РАХЫМЖАНҚЫЗЫ
Тағы да оқыңыздар
Шеруен атқан «Шеге құм»
1 505