Куркума мен алма сірке қышқылын ішкен әйел ауыр дертке шалдықты

1 485

Фото: istockphoto.com53 жастағы Шымкент тұрғыны ғаламторда тараған ем тәсілін қолданамын деп аса ауыр тері ауруына ұшырады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ол ғаламтордан қан қысымын түсірудің жолдарын іздеп, халық емімен өзін дауаламақ болған. Оның қазіргі кейпі жан түршігерліктей. Өйткені денесі тұтас қою күлгінге айналып, терісінің кей жерлері  түлеп жатыр. Бір көрген жанның денесі тітіркенеді. Ол  денесіндегі дертті әбден ушықтырып алған тұста дәрігер көмегіне жүгінген.. Дәрігерлер оған ауыр диагноз қойып, жұртты көрінгеннің кеңесіне салынып, үй жағдайында емделмеуге шақырды.

Бұл туралы №2 қалалық аурухананың бас дәрігері Бақытжан Позилов айтып берді.

"53 жастағы әйел қан қысымын төмендету үшін интернеттегі кеңестерді қарап, алма сірке суы мен куркуманы араластырып ішкен. Соның салдарынан ол анафилактикалық шокқа түсіп, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Диагнозы: Лайелл синдромы - аллергиялық буллезді дерматиттің ең ауыр түрі", - деді дәрігер. 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.