LRT тірегі ағашпен жамалған

1 180

Фото: Әбілқасым ЕсентаевСоңғы жылдары жиі талқыға түскен Астанадағы LRT тірегінің ағашпен жамалған суреті әлеуметтік желіде тарады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Желі қолданушылары "LRT аман болсын", "Ойлап таппайтындары жоқ", "Көк изолентамен жамау керек еді", – деп пікір қалдырған.

Жақында City Transportation Systems өкілдері қоғамда қызу талқыға түскен жағдайға байланысты түсініктеме берді.

"LRT құрылысының Ш.Қалдаяқов пен Қ.Қуанышбаев көшелерінің қиылысында, 114-115 учаскелер аралығында, NR14 тірегінде монолитті арқалықтардың ішкі жағын бетондау үшін шегендеп бекіту орнатылған. Бұл процесс тростардың алдын ала керілуінен кейін жүзеге асырылған. Қазір бетондау жұмыстары аяқталды. Шегендеп бекіту алып тасталды", – делінген ресми хабарламада.

Әлеуметтік желіде ағаш бекітулер алынып тасталған сурет те жарияланып үлгерді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.