Мысыққа сірке суын шашып жіберген әйел сотталды

1 587

Фото: wallp.comПавлодар тұрғыны мысыққа қатыгездік көрсеткені үшін сотталды. Іс материалдарына сәйкес, ол былтырғы жылдың қараша айында үйсіз мысыққа 70% сірке суын шашып жіберген. Үй жануары әрең аман қалады. Оған тіпті ұзақ мерзімді емдеу қажет болған "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Astana.tv арнасына сілтеме жасап.


Бұл аймақтағы жануарларға қатыгездік көрсету бойынша сотқа дейін жеткен алғашқы оқиға екені айтылады. 


Қара (Черная) есімді мысықты бейқам пәтер иелері лақтырып жіберген. Үй жануары баспанасыз қалған кезде оны подъезд тұрғыны Лидия Сосновская өз қамқорлығына алады. Ол мысықты тамақтандырғанын, тіпті пәтерінде түнеуге алып кірген. Үйде тұратындардың бәрі жануардың бақылауда екенін және қауіпті емес екенін білген. Сондықтан көптеген тұрғындар көршісінің әрекетіне таң қалғандарын айтады.


“Видеода көршім екінші қабаттан мен тұратын қабатқа қалай түсіп, мысықты шақырып, үстіне сірке суын құйып жібергенін көруге болады. Емханада тіпті тәжірибелі мал дәрігерлері де есеңгіреп қалды. Ешкім оған не болатынына кепілдік бермеді. Олар алғашқы медициналық көмек көрсетті. Не өледі, не көзі ағып кетуі мүмкін еді”, – дейді Павлодар қаласының тұрғыны Лидия Сосновская.


Тек 2,5 айдан кейін мысық қалыпты өмірге орала бастаған. Оның бетінде әлі де тыртық бар. Үй жануарын емдеу үшін қазіргі иесі дәрі-дәрмекке 100 мың теңгеден астам қаражат жұмсаған. Сотта сотталушы мысықты қауіпті санайтынын айтқан. Оның айтуынша, жануар қызына бірнеше рет шабуыл жасаған. Бірақ ол үй жануарына сірке суын тамызғысы келмеген. Бұл кездейсоқ болды, дейді ол.


“Бұл мысық өте қауіпті. Ол қызыма бірнеше рет шабуыл жасаған, содан қалған қолында тыртықтары бар. Осы тыртықтардан кейін оның аллергиялық реакциясы пайда болды. Ия, мен мысыққа шашып жібердім. Мен оны оған құйғым келмеді. Мен сірке суын алып, оны қорқыту үшін қабырғаға шашқым келді. Жасаған ісім үшін жұртшылықтан кешірім сұраймын. Мен өз кінәмді толық мойындаймын”, – дейді сотталушы.


Нәтижесінде сот шешімі бойынша бұл әрекеті үшін әйел 92 мың теңге айыппұл төлейді. Ал мысықтың қазіргі иесіне тағы 18 мың теңге өтемақы өтейді. Сот сотталушының өкінуін және кәмелетке толмаған балаларының болуын ескерді. Әйтпегенде бұл бапта неғұрлым қатаң жаза қарастырылған – 30 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін екені айтылады.