Twitter-дің бас директоры болып ит тағайындалды

337
Илон Масктің Флоки атты иті Twitter-дің жаңа бас директоры болып тағайындалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.




Масктің әлеуметтік желідегі
жазбасын 115 миллион адам көрген. 

Twitter-дің жаңа бас директоры керемет. Алдында болған жігітке қарағанда әлдеқайда жақсы!, – дейді Маск.

Shiba Inu атауы жапон тілінен шыққан, ол тікелей аударғанда «шырпыдан жасалған ит» дегенді білдіреді. Бұл атау негізінен, осы тұқымның кішкентай мөлшеріне қатысты алынған. Shiba Inu тұқымы қасқырға ұқсас: бұралған құйрық, тік құлақ және «түлкі жағы». Олардың денесі ықшам, бітімі тығыз, оларды жаяу серуендеу немесе доп ойнау сияқты ашық ауадағы ойындарға серік етеді. Shiba Inu иттерінің көпшілігі үш түсті: қызыл, қара және қоңыр.

«Twitter-дің жаңа бас директоры керемет. Алдында болған жігітке қарағанда әлдеқайда жақсы!» деген Маск бас директордың креслосында отырған итінің фотосын жариялады. Оның айтуынша, Флоки есепке жүйрік және өзіндік басқару стилі бар. Маск үй жануарының «осы жұмысқа мінсіз» екеніне сенім білдірді.

Бұған дейін миллиардер соңғы үш айдың өте қиын болғанын, әлеуметтік желіні банкроттықтан құтқаруды өзінің басқа компанияларындағы жұмыстармен ұштастырғанын айтты. Маск сонымен қатар Twitter-дегі DAU (бір тәуліктегі бірегей қолданушылар) көрсеткішіне риза екенін мәлімдеді.

Кеше жарияланған Илонның әзіл жазбасын 115,1 миллион адам көрген, 1,1 миллион ұнайды деп белгі қойған.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.