Қораптың ішінен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды

213

Ақтөбеде жаңа туған нәрестенің мәйіті көпқабатты тұрғын үй жанынан табылды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Ақпарат Ішкі істер министрлігінің Тelegram-арнасында жазылды. Дерекке сүйенсек, оқиға 19 желтоқсан сағат 22:05-те тіркелген. Полицияға Ғ.Жұбанова көшесіндегі көпқабатты үйдің жанынан қағаз қорапқа салынған баланың өлі денесі табылғаны жайында хабар түскен.

Дерек бойынша оқиға орнына жедел тергеу тобы жіберіліп, жаңа туған ер баланың мәйітін анықтады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Ананың жеке басын анықтау үшін жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр, - делінген полиция ақпаратында.


Сондай-ақ, бұл іс бойынша Қылмыстық кодектің 100-бабымен (ананың жаңа туған баланы өлтіруі) сотқа дейінгі тергеу басталған.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.