Атом электр станциясының салынатын орны ресми түрде анықталды
Үкімет Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясының қай жерде салынатынын ресми түрде нақтылады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қазақстандағы атом станциясы салынатын орын туралы үкімет қаулысы нормативтік актілердің ресми базасында жарияланды.
Қаулы 2024 жылдың 30 желтоқсанында қабылданып, оған премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған. Бірақ құжат ресми түрде жарияланған күннен бастап күшіне енеді, яғни бүгін.
8 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке үндеу жасап, Қазақстанда АЭС құрылысын жеделдетуді ұсынды.
Қаз
Рус






