Apple 10 қыркүйекте iPhone-ның жаңа моделін ұсынбақ

1 248

Фото: AppleApple iPhone, Apple Watch және AirPods-тың жаңа сериясын қыркүйектің 10 күні таныстырмақ, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Bloomberg басылымына сілтеме жасап хабарлайды.





Су жаңа iPhone-ның тұсаукесері нақты қашан болатыны әзірге белгісіз. Бірақ дереккөздерге сенсек, компания салтанатты іс-шараны сейсенбі күнге жоспарлап отыр.


Apple жаңа өнімдерін таныстырған соң құрылғылар топтамасы 20 қыркүйекте сатылымға шығады. 


Компания көпшілікке iPhone 16 және iPhone 16 Pro моделін таныстырмақ. Сондай-ақ, бұл жаңа iPhone телефондарының дизайны iPhone 15-ке ұқсауы мүмкін. Бірақ фотосуреттер мен бейнелерді түсіруге арналған жағында жаңа сыйымдылық түймесі сияқты жаңартулар болады деген  болжам бар.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.