Қызылорда облысында мектеп қазандығы жарылды
451
Қызылорда облысында мектеп қазандығында жарылыс болды, - деп хабарлайды Opennews.kz тілшісі облыстың ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрліктің мәліметінше, 11 қазанда таңғы сағат 08.15-те Департаменттің дағдарыстық жағдайлар басқармасына Қазалы ауданы, Тасарық кентінде №238 орта мектеп аумағында жеке тұрған, қатты отынмен жылытатын қазандық (мектептен қашықтығы - 50 метр) тұтанбай жарылып, кейін 64 шаршы метр аумақта ғимараттың қабырғалары ішінара бұзылғаны туралы ақпарат келіп түсті.
Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқуға кедергі келтірмеген (ауа температурасы - плюс 9 градус). Қазандық үйінділерін ретке келтіру жұмыстары мектеп қызметкерлерінің күшімен (15 адам және 2 бірлік техника) жүргізіледі", - делінген хабарламада.