Тоқаевтың «Әке туралы ой-толғау» атты аудиокітабы шықты

1 346

Фото: gov.kzМәдениет және ақпарат министрлігі adebiportal.kz отандық әдеби порталында Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әке туралы ой толғау» аудиокітабі шыққанын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Министрліктің мәліметінше, кітап қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаушы Кемел Тоқаевтың өмір жолына арналған.

Ел президенті кітапта әкесінің өмірі мен шығармашылығы туралы жеке естеліктерін айтқан. Әрі Кемел Тоқаевтың қиындыққа толы балалық шағы, оның майдандағы жастық кезі мен соғыстан кейінгі шығармашылық жолы туралы айтылған. Тоқаев анасы Тұрар Шабарбаеваға да арнайы бөлім арнаған.

«Президенттің аудиокітабы Kitap.kz, Topiq.kz, Kazneb.kz қосымшаларында да қолжетімді болады», - деп мәлімдеді ведомство.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.