«RICE SHOP» күріш дүкені ашылмақ

176
Қызылордада жуырда «Rice shop» күріш дүкені ашылмақ,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы кәсіпкер Марат Сәрсенбай ойын білдірді.

Облыстың барлық ауданы дерлік күріш егумен айналысады. Әлемде бес құрлықта 81 мемлекетте күріш егіледі екен. Ал жапон және көптеген ежелден тұтынатын халықтар күрішті ең маңызды мемлекеттік символ ретінде, тілдің тірегі, ұлттың намысы, сүйікті тамағы есебінде құрмет тұтады. Оның үстіне, осы мемлекеттерде арнайы күріш дүкендерінен бөлек музейлер бар.

Біз де осы дүкенді ашып, оның ішіне өңіріміздегі күріш зауыттарының өнімдерін сөрелерге қоймақпыз. Қосымша әлемнің ең жақсы сұранысқа ие өнімдерін де осы сөрелерден табуға болады. Бұл жердегі атауын ағылшынша қоюымыздың да бір сыры бар, мұндай атпен әлемде 1000-ның үстінде дүкен бар екен, – дейді кәсіпкер.
Статистика бойынша әлемде жылына 742 млн тоннадан астам күріш өндіріледі. Қытай жыл сайынғы 211 млн тоннадан астам өнімімен әлемдегі ең ірі күріш өндіруші ел ретінде тұр. Үндістан (159 млн тоннаға жуық) екінші орында. Вьетнам 5-ші, Жапония 13-ші, Ресей 36-орында. Ал, Қазақстан 420 мың тоннаға жуық өндірумен 45-орынды иеленеді. Қазақстанда, оның ішінде Сыр елінде күріштің отаны ретінде мұндай дүкеннің ашылуы орынды деп санаған абзал.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.