Дәрігерді балағаттаған науқас қамауға алынды

1 473

Фото: pixabay.comШымкенттегі емханалардың бірінде науқас дәрігерді балағаттағаны үшін 5 тәулікке қамалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қалалық соттың мәліметінше, 5 қаңтар күні ер адам жанжал кезінде дәрігерге балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған. 

Айыпталушы сотта өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінетінін айтты. Ол жәбірленушіден кешірім сұрап, өзін қатаң жазаламауын сұрады. 


“Сот жоғарыда аталған мән-жайларды ескере отырып, оған әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігіне сәйкес бес тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындады”, – делінген хабарламада.

Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.