Дәрігерді балағаттаған науқас қамауға алынды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Шымкенттегі емханалардың бірінде науқас дәрігерді балағаттағаны үшін 5 тәулікке қамалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қалалық соттың мәліметінше, 5 қаңтар күні ер адам жанжал кезінде дәрігерге балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған.
Айыпталушы сотта өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінетінін айтты. Ол жәбірленушіден кешірім сұрап, өзін қатаң жазаламауын сұрады.
Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Қаз
Рус






