Мектеп оқушысын ұрламақ болған екі күдікті ұсталды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Кеше Тараз қаласында мектеп оқушысын ұрламақ болған. Әлеуметтік желіде 2 ер адамның аялдамада кішкентай қызды ұрлауға оқталған бейнежазба тарады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Оқиғаға сол маңдағы адамдар араласып, қызды көлікке отырғызып, алып кетуіне жол бермеген.
Жамбыл облыстық полиция бейнежазбаға қатысты түсініктеме беріп, күдіктілердің ұсталғанын хабарлаған.
Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталған.
Қаз
Рус






