Мектеп оқушысын ұрламақ болған екі күдікті ұсталды

1 517

Фото: Sputnik / Владислав ВодневКеше Тараз қаласында мектеп оқушысын ұрламақ болған. Әлеуметтік желіде 2 ер адамның аялдамада кішкентай қызды ұрлауға оқталған бейнежазба тарады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Оқиғаға сол маңдағы адамдар араласып, қызды көлікке отырғызып, алып кетуіне жол бермеген.

Жамбыл облыстық полиция бейнежазбаға қатысты түсініктеме беріп, күдіктілердің ұсталғанын хабарлаған.

«Полицияға екі белгісіз ер адамның автокөлікпен аялдамада тұрған қызды ұрламақ болғаны туралы хабарлама түсті. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері жіберілді. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», делінген облыстық полиция департаменті таратқан хабарламада.

Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.