Лаоста құлдыққа түсіп қалған отандасымыз Әнел Бермағанбет Қазақстанға оралды

284

Фото: https://www.instagram.com/anel.bermaganbet/reels/?locale=kk-KZ20 тамызда Әнел Бермағанбет Лаос Республикасында өзін күштеп жеке үйде ұстап отырғанын мәлімдеген болатын. Бүгінде Лаоста құлдыққа түсіп қалған отандасымыз Әнел Бермағанбет Қазақстанға оралды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

«Мен үйдемін, менің Қазақстаным» - деп жазба қалдырды бойжеткен Instagram-парақшасында.


Еске салайық, 20 тамызда Қазақстан азаматы Әнел Бермағанбет Лаос Республикасында өзін күштеп жеке үйде ұстап отырғаны туралы мәлімдеген болатын. Ол шақырту бойынша Таиландқа жұмысқа барғанын, алайда артынша Лаосқа кеткенін, өзін жұмыс берушілердің жабық аймаққа әкеліп, қамап ұстап отырғанынын айтқан еді.
Аталған жайтқа қатысты ҚР полициясы сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Сондай-ақ отандасымыз тап болған оқиға туралы ҚР Сыртқы істер министрлігіне хабарланды. Бұл іске сол елдің жергілікті полициясы да араласқан.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.