Кей облыстарда әуе таксиі іске қосылмақ

2 536

ФОТО: TRANSCEND.AEROҚазақстанда қалалық әуе мобильділігі (Urban Air Mobility) жобасы басталды. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі америкалық Joby Aero, Inc., Alatau Advance Air Group Ltd. және кәсіпкер Вячеслав Киммен меморандумға қол қойды,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Жоба аясында Алатау қаласында шамамен 300 млн АҚШ долларына eVTOL электрлі ұшақтар сатып алынып, әуе такси жүйесі іске қосылмақ. Алдымен сынақ және демонстрациялық ұшулар өтеді, кейін жүйе Алматы мен Алатау қалаларының көлік инфрақұрылымына енгізіледі.

«Электрлі eVTOL ұшақтарын сатып алу – смарт қалалар мен инновациялық көлік жүйесін дамытудың маңызды кезеңі», – деді вице-премьер, ЖИ және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.

Әуе такси жобасы алдымен Алматы облысында сынақтан өтіп, кейін басқа аймақтарға таралуы мүмкін.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.