Қызылордада жоғалған баланың ата-анасы дала кезіп жүр

950
Қызылордалық 25 жастағы жас жігітті іздеу  жұмыстары 17 күннен бері жалғасып жатқанымен ешқандай нәтиже бермей отыр, деп хабарлайды «Opennews.kz»  ақпарат агенттігі.
Хабар-ошарсыз қалған  Бегімбай Самат Болатұлын іздестіру шаралары жалғасып жатыр дегенімен, еш жаңалық жоқ.
      Халықтың тыныштығын күзететін полицейлерге шағым айтушылар мен көңілі толмас адамдар көп. Осы орайда Қызылордалық жас жігіт Саматты  іздестіру жұмыстары баяу жүргізіліп жатқанын айтып, ата-анасы дабыл қағуда. Ата-анасының айтуы бойынша, полицейлер Саматты тік ұшақпен тек бір күн ғана іздеген. Полицейлердің айтуынша, тиісті шаралар қолданып, Қызылорда облысына қарасты аймақтарды және Жезқазған тас жолына түгел дерлік іздестіру жұмыстарын жүргізіп, тіпті тік ұшақпен де барлап қайтқандарын алайда ешқандай жаңалық жоқ екендігін айтып отыр. Міне осылай болғандықтан, ата-анасына тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр деп, жылы жауап қайтарып жатқанын айтып, алға тартуда. Бірақта Саматтың ата-анасы полицейлердің атқарып жатқан жұмыстарына көңілдері толмағандықтан, қазақылыққа салынып, көріпкел, балгерлердің есігін тоздырып, жүргендерін айтып отыр. Әрине, ата-ана үшін баласының амандығы бірінші орында болғандықтан, қолдан келген шаралардың барлығын жасап жатыр. Сонда полицейлердің орнын бақсы-балгерлер алмастырған ба? Осылай бола берсе, полицейлерді оқытатын оқу орындары емес, бақсы-балгерлер оқытатын оқу орындарын ашу керек па деген ой келеді. Әрине, Бегімбай Самат Болатұлын іздестіру жұмыстарымен тек Қызылордалық полицейлер ғана жұмыс атқарып жатпағанын, сондай-ақ Нұр-Сұлтан мен Жезқазған қалаларының полицейлері де аяқтарынан тік тұрып іздестіріп жатқанын, бірақ әлі де еш нәтиже жоқ екенін айтып, ата-анасы шыр-пыр болуда. Осы күнге дейін қолында «Iphone11» қымбат ұялы телефоны мен ноутбугы бар бала өзінің «Субару Легаси» жеке көлігімен жоғалған адамды таппай отырғанда, жасөспірім, бүлдіршін бала жоғалса бейхабар отыра беретін түріміз бар.
     Айта кетейік, қала тұрғыны Бегімбай Самат Болатұлы 12.09.2021 жылы Қызылордадан Нұр-Сұлтан қаласына өзінің жеке автолкөлігімен жолға шығып сол күйі іс-түссіз  жоғалып кеткен деп хабар берген болатынбыз. Суыт хабармен барлық әлеуметтік желілерге жарияланып, іздеу жүргізілген. Десек те, бүгінде білеріміз 12 қыркүйек күні күндізгі 10 шамасында қаладан шыға берістегі бақылау камерасына түскендігінен басқа ақпарат жоқ. Жаңалықтың жоқтығы іздеу амалдарының қағаз жүзінде ғана жүріп жатырғандығының белгісі.
                                                                                                    
Тұмар  ХАНЫМ