Өрттен әке мен бала көз жұмды
1 524
11 қаңтар күні кешкі уақытта Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Майбалық ауылында жеке тұрғын үйден өрт шықты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
101 пультіне хабарлама түскеннен кейін өртке қарсы қызметтің бөлімшелері жедел түрде жіберілген. Құтқарушылар оқиға орнына келген кезде тұрғын үйдің толықтай отқа оранып, толық қирағаны анықталған.
Үй иесінің айтуынша, өрт болған сәтте үйде оның жұбайы және екі кәмелетке толмаған бала болған.
Өртті сөндіру және үйінділерді бөлшектеу барысында құтқарушылар ер адам мен бір кәмелетке толмаған баланың мәйітін тапты. Екіншісін іздеу жұмыстары жалғасуда. Оқиға орнында департамент басшылығы жұмыс істеуде, ТЖД психологтары үй иесіне қажетті психологиялық көмек көрсетіп жатыр, - деп хабарлады ТЖМ.







