Путин Украинаның төрт аймағын Ресейге қосу туралы келісімдерге қол қойылғанын мәлімдеді

226

Ресей президенті Владимир Путин Донецк, Луганск, Херсон және Запорожье облыстарының Ресейге қосылуы туралы келісімдерге қол қойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


"Бұл миллиондаған адамдардың таңдауы", - деді Путин жұма күні жасаған үндеуінде.


Путин Киевті Украинаның "басып алған" аумақтарында "тез арада атысты тоқтатуға" шақырып, "Донецк пен Запорожье тұрғындарының Ресейге мәңгілікке оралғанын" жеткізді.

Ол сондай-ақ Украинадағы соғыста Ресейге "Батыстың билеуші топтары" қарсы екенін айтты.

Келісімдерге қол қойғаннан кейін Путин заңды түрде бұл құжаттардың негізгі заң нормаларына сәйкестігін тексеру үшін Конституциялық сотқа жүгінуге міндетті. Шарттарды Ресей Федерациясының Конституциясының нормаларына сәйкес деп тану рәсімінен кейін олар Мемлекеттік Дума мен Федерация Кеңесіне ратификациялауға жіберіледі. Мемлекеттік Дума депутаттары келісімдерді дүйсенбіде, 3 қазанда ратификациялай алады, ал келесі күні, 4 қазанда оларды сенаторлар мақұлдауы мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан билігі аумақты бұзу туралы келісімдерді мойындамайтынын жеткізген.