Терроризмдік қауіп-қатерлерге қарсы күрес

276

Қазақстан барлық түрлері мен көріністеріндегі терроризмді қатаң айыптайды және бұл құбылыспен күресте әлемдік қауымдастықтың ұжымдық күш салысуын қолдайды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Қазақстан БҰҰ ҚК Қарарларының талаптарын бұлжытпай орындайды және жыл сайын БҰҰ Контртеррористік Комитетіне атқарылған жұмыс жөнінде Ұлттық баяндама дайындайды. Халықаралық контртеррористік коалиция құру және оның қызметіне белсенді қатысу қолдау тапты.


Қазақстан терроризммен күрес туралы барлық 13 халықаралық әмбебап конвенцияларға қосылды.


1. Азаматтық авиация қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз әрекеттермен күрес туралы конвенция (Монреаль, 1971ж. 23 қыркүйек, қосылу мерзімі – 1994ж.);

2. Азаматтық авиация қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз әрекеттермен күрес туралы конвенцияны толықтыратын, Халықаралық азаматтық авиацияға қызмет көрсететін әуежайлардағы заңсыз зорлық әрекеттермен күрес туралы хаттама (Монреаль, 1971ж. 23 қыркүйек, 1988ж. 24 ақпанда жетілдірілген, қосылу мерзімі – 1994ж.);

3. Әуе кемелерін заңсыз басып алумен күрес туралы конвенция (Гаага, 1970ж. 16 желтоқсан, қосылу мерзімі – 1994ж.);

4. Әуе кемелерінің бортында жасалатын қылмыс пен басқа да бірқатар әрекеттер туралы конвенция (Токио, 1963ж. 14 қыркүйек, қосылу мерзімі – 1994ж.);

5. Пластикалық жарылғыш заттарды, оларды табу мақсатында таңбалау туралы конвенция (Монреаль,1991ж. 1 наурыз, қосылу мерзімі – 1994ж.);

6. Халықаралық қорғаудағы тұлғаларға, соның ішінде дипломатиялық агенттерге қарсы қылмыстың алдын алу және жазалау туралы конвенция (Нью-Йорк, 1973ж. 14 желтоқсан, қосылу мерзімі – 1996ж.);

7. Адамдарды кепілдікке басып алумен күрес туралы халықаралық конвенция (Нью-Йорк, 1979ж. 18 желтоқсан, қосылу мерзімі – 1996ж.);

8. Бомбалық терроризммен күрес туралы халықаралық конвенция (Нью-Йорк, 1998ж. 12 қаңтар, қосылу мерзімі – 2002ж.);

9. Терроризмді қаржыландырумен күрес туралы халықаралық конвенция (Нью-Йрок, 2000ж. 10 қаңтар, қосылу мерзімі – 2002ж.);

10. Теңіз кеме қатынастарының қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз әрекеттермен күрес туралы конвенция (Рим, 1988ж. 10 наурыз, қосылу мерзімі – 2003ж.);

11. Континентальдық шельфте орналасқан стационарлық платформа қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз әрекеттермен күрес туралы хаттама (Рим, 1988ж. 10 наурыз, қосылу мерзімі – 2003ж.);

12. Ядролық материалды физикалық қорғау туралы конвенция (Вена, 1980ж. 3 наурыз, қосылу мерзімі – 2004ж.);

13. Ядролық терроризм әрекеттерімен күрес туралы конвенция (Нью-Йорк, 2005ж. 14 қыркүйек, қосылу мерзімі – 2005ж.).


БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдеріне сәйкес мемлекетте террористік ұйымдарды қаржыландыру мен ақшаны заңсыз ауыстыруға қарсы іс-әрекеттер жүйесі жолға қойылды.

Қазақстан терроризмге қарсы күрестегі халықаралық ынтымақтастық халықаралық құқықтың барлық нормаларына сай жүзеге асырылуы тиіс деп санайды. Сонымен қатар антитеррористік шаррттық механизмдерді одан әрі жетілдіруді, оның ішінде халықаралық терроризммен күрес жөніндегі Бәрін қамтушы конвенцияны қабылдауды қолдап отыр.


Қазақстан терроризм және экстремизмге қарсы күрес саласында халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда. Қазақстан ТМД АТО, ШЫҰ ААТҚ, ҰҚШҰ сияқты аймақтық антитеррористік құрылымдар қатарының мүшесі болып табылады.


2003ж. желтоқсанда ҚР Президентінің бұйрығымен терроризм мен діни экстремизммен күресте барлық күштер құрылымының тиімді жұмысын қамтамасыз ету мақсатында Антитеррористік орталық құрылды (АТО).


АТО-ға барлық арнайы, құқық қорғау және басқа да мекемелердің терроризммен күрес сияқты жұмысын үйлестіру міндеті жүктеліп отыр.


Қазақстан территориясында іс-әрекеті террористік сипаттағы ұйымдарға тыйым салынған. Ұйымдар егер олардың жарғылық мақсаттары мен қызметі ҚР Конституциясы мен Заңдарына және ҚР қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға қарсы келетін болса; егер Орта Азиялық аймақ мемлекеттеріндегі жағдайды тұрақсыздандыру бойынша бұл ұйымдардың қызметінің жандануы қаупі төнген жағдайда террористік болып танылады.


2004ж. Қазақстанда жоғарғы сот террористік актілерге қатысы бар екендігі дәлелденген 4 ұйымның қызметіне тыйым салды. 2005ж. бұл тізімді тағы 7 ұйым толықтырды («Аль-Каеда», «Асбат аль-Ансар», «Мұсылман бауырлар», «Боз гурд», «Орталық Азия жамаат моджахедтері», «Өзбекстанның ислам қозғалысы», «Шығыс Түркістанның ислам партиясы», «Күрттер халық конгресі», «Лагикар-и-Тайба», «Талибан» және «Әлеуметтік реформалар қоғамы»).


Халықаралық терроризм және экстремизммен күрес мемлекеттердің барлық деңгейдегі (ғаламдық, аймақтық және екі жақты) әрекеттестігін талап ететіндігін ескере отырып, Қазақстан аталмыш салада бірқатар халықаралық және мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге қол қойды.


Қазіргі кездегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Антитеррористік орталығының, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Аймақтық антитеррористік құрылымының қызметі, сонымен қатар Ұжымдық қауіпсіздік келісім шарты ұйымының терроризм және экстремизмге қарсы күрес саласында қабылдап жатқан іс-шараларының шеңберінде аймақтық ынтымақтастықты дамытуға үлкен мән беріледі.


Қазақстан Президентінің бастауымен 2000ж. құрылған Антитеррористік орталықтың құрамына кіретін ТМД-ға мүше мемлекеттердің іскерлік әрекеттестігі жүзеге асырылады. Достастық мемлекеттерінің территориясында бірлескен антитеррористік іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізудің тәртібі анықталған. Оның қызмет ету механизмі 2005ж. тамыз айында Қазақстанда өткен Достастық елдерінің арнайы қызметтері мен қауіпсіздік органдарының «Каспий-Антитеррор-2005» атты ауқымды бірлескен оқуы барысында сәтті апробациядан өтті.


2005 ж. 25-28 қаңтарында Алматы қаласында ТМД-ның мемлекет басшыларының бастамасы бойынша БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Контртеррористік Комитетінің ІV Арнайы отырысының өтуі Достастық мемлекеттерінің терроризмге қарсы күресте маңызды роль атқаратындығын халықаралық қауымдастықтың мойындайтындығын көрсетеді. Бұл жерде Достастыққа мүше мемлекеттердің 1999 жылғы Террроризмге қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісім шеңберіндегі өзара әрекеттестігін атап айту қажет.


2001ж. 15 маусымда құрылған «Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы» қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудің салмақты компонентіне, аймақтық және дүниежүзілік саяси факторға айналып келеді. Ұйым шеңберінде 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ташкент қаласында Аймақтық антитеррористік құрылымының Атқарушы комитеті (ААТҚ) қызмет етеді.


ШЫҰ-ның Аймақтық антитеррористік құрылымының пайда болған сәтінен бастап Орталық Азиядағы БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі Басқармасының аймақтық өкілдігімен ынтымақтастық орнатылды.


Сонымен қатар, Азиялық континентте қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінің саяси шешімі Азиядағы әрекеттестік пен сенім шаралары Кеңесін (АӘСШК) шақыу туралы Қазақстанның бастамасымен байланысты. Оның саммиттері 2002 және 2006 жылдары Алматы қаласында өтті. АӘСШК шеңберінде өткен соңғы екі жылдағы жоғрғы деңгейдегі кездесулер Азиядағы қауіпсіздіктің тиімді механизмін құрудағы маңызды қадам болды. 2002 жылы «Терроризмді жою және өркениеттер арасындағы диалогқа жәрдем беру туралы декларациясының» және 2004 жылы «Сенім шаралары каталогының» қабылдануымен осы саладағы ынтымақтастық одан әрі тереңдетілген және жүйелік сипатқа ие болуда.


Орталық Азия аймағының мемлекеттері ашық және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Контртеррористік Комитеті, НАТО/СЕАП, ЕҚЫҰ-ның тиісті бағдарламалары бойынша халықаралық терроризмге қарсы күрестегі халықаралық қауымдастықтың ұйымдастырып жатқан іс-шараларын жүзеге асыру мәселелері бойынша белсенді ынтымақтасады.


Біздің еліміз халықаралық қауымдастықтың терроризмге қарсы күрестегі жігерін іс жүзінде қолдайды және көп жақты ынтымақтастық пен әрекеттестікті дамытады.