Министр барған ауылының атын ұмытып қалды
280
Министр Бағдат Мусин бір апта бұрын өзі барған ауылдың атын ұмытып қалды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің депутаттың сауалына дұрыс жауап бере алмай ұятқа қалған видеосы Instagram әлеуметтік желісінде қызу талқыланып жатыр. Онда мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай мінберде тұрған Бағдат Мусинге "Ауылдық жердегі өңірлерді, елді мекендерді қашан аралайсыз?" деп сұрақ қояды. Сол сәтте министр сасып қалып, жақында ғана өзі барып келген ауылдардың атын есіне түсіре алмады.
Министрдің бұл жауабы желі қолданушыларының ашуын туғызды. Олар Мусиннің тарапына түрлі жағымсыз пікір жазған.

Ауылдарға үнемі барып жүремін. Өткен аптада мысалы, қалай еді аты?, - дейді Бағдат Мусин.
Министрдің бұл жауабы желі қолданушыларының ашуын туғызды. Олар Мусиннің тарапына түрлі жағымсыз пікір жазған.
Жаңа Қазақстанның заманауи шенеуніктері ме, кім деуге, не деуге болады?!", "Мынадай дым қазақша сөйлей алмайтын адамдарды қайдан табасыңдар осы?!", "Ауылдың аты дым емес, президенттің фамилиясын біледі ме екен?", "Масқара! Мұндайларды орнынан алып тастау керек, — деп жазды желі қолданушылары.