Назарбаевтың денсаулығы туралы ақпарат мемлекеттік құпия болады

2 393

Фото: Акорда: UGC12 желтоқсанда сенат депутаттары"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу, білім беру саласындағы шектен тыс заңнамалық реттеуді жою туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар "Мемлекеттік құпиялар туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

Заң жобасы президенттің және оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістері туралы, президенттің денсаулығы мен жеке өмірі туралы мәліметтерді мемлекеттік құпиялар қатарына қосуды көздейді. Бұл экс-президенттерге де қатысты.

"Мемлекеттік құпиялар туралы" заңында барлау, жедел-іздестіру және өзге де қызмет саласындағы мемлекеттік құпияларға жатқызудан басқа, қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ұйымы, күштері, құралдары мен әдістері туралы мәліметтер енгізіледі. Президент, бұрынғы президент денсаулығы мен жеке өмiрiнiң жай-күйi туралы мәлiметтер де соған қосылады”, – делінген заң жобасында.

Бұған дейін бұл түзетулер Мәжілісте талқыланбаған. Олар бастапқыда басқа заң жобасына қосылды. 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.