Қазақстанда мұғалімдердің жалақысы 375 мың теңгеге дейін, дәрігерлердің жалақысы 560 мың теңгеге дейін өседі

437

Үкіметте мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын арттыру жоспарлары туралы айтылды- деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.


Министрлер кабинетінің мәліметінше, Қазақстанда барлығы 1,2 млн азаматтық қызметші бар. 2023 жылға дейін олардың еңбекақысын жыл сайын арттыру жоспарлануда. Яғни, 651 мың адамды қамтитын болады. Оның ішіне, мұғалімдер, дәрігерлер, әлеуметтік қызметкерлердің жекелеген санаттары кіреді. 

Мұғалімдердің жалақысы жыл сайын 25%-ға өседі. Ал 2023 жылға қарай екі есе өседі, яғни 375 мың теңгеге дейін.

Сондай-ақ, дәрігерлердің еңбекақысы жыл сайын 30%-ға дейін өседі. 2023 жылға қарай төлем үш есе ұлғаяды. Яғни, 561 мың теңгеге дейін өседі.

Сонымен қатар, орта медицина қызметкерлерінің жалақысы жыл сайын 20%-ға дейін көтерілетін болады. Ал 2023 жылға қарай бұл көрсеткіш екі есе – 229 мың теңгеге дейін өседі. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.