Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті
252

Күн тәртібіндегі бірінші мәселемен Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының Әдеп жөніндегі уәкілінің атқарған қызметінің нәтижелері туралы И.Ө. Әбдіразақовтың есебі тыңдалды. Әдеп жөніндегі уәкіл Инспекция қызметкерлері тарапынан 2021-2022 жж. әдеп нормаларын бұзу деректері орын алмағандығын және оларды алдын алу бағытында нақты шаралар жүргізіліп жатырғанын атап өтті.
Келесі мәселемен Жалағаш ауданы, Аққыр ауылдық округінің әкімі Ж.Ұ.Матаев тәртіптік ісі қаралып, Ж.Ұ. Матаевтың тәртіптік ісі мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасау бөлігінде тоқтатылды. Кеңес мүшелері Жалағаш ауданының әкіміне Ж.Ұ.Матаевтың мемлекеттік сатып алу рәсімдерін бұзуға жол бергені үшін тәртіптік мәселесін қарастыруды ұсынды. Осы тектес шешімдер Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылдық округінің әкімі Н.О. Кошкарбековтың және Қазалы ауданы, Шәкен ауылдық округінің әкімі Т.И. Кималовтың тәртіптік істері бойынша қабылданды.

Сонымен қатар, Кеңес мүшелері Шиелі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Д.Н. Жакеевке қатысты қолданылған тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алуға келісім беруден бас тартты.