"3-4 жігітпен араласып, жақсысын таңдау керек". Жүргізуші қыздарға кеңес берді

426

Фото: https://www.instagram.com/diana_kyrykbay/Диана Қырықбай "Тәрбиелі қыз бір жігітпен, тәрбиесіз 3-4 жігітпен жүреді" деген пікірмен келіспейтінін айтып, көп қыздарға мұндай ойдан арылуға кеңес берді.

Жүргізушінің айтуынша, тәрбиенің жігітпен жүргенге еш қатысы жоқ, деп хабарлайды Экспресс К.

Тәрбиелі, текті жерден шыққан қыз 3-4 жігітпен араласа алады. Тұрмыста болмасаңыз, сізге құда түспесе жігіттермен сөйлесе бересіз. Бір жігітке ғана қарап отырсаңыз, ол сізден кетіп қалады,
дейді жүргізуші.


Диана Қырықбай қазіргі заманның өзгергенін алға тартады.Тіпті психологтардың өзі осындай кеңес беретін көрінеді.

"Біріншісі жоқ па, екіншісі келеді, екіншісі кетсе, үшіншісі бар. Қыздар, таңдау керек. Сондықтан, жігітпен жүрудің тәрбиеге ешқандай қатысы жоқ. Егер өздеріңізге ұнаса, бір жігітпен жүріп, тек соған қарап, қиналып жүре беріңіздер", — дейді ол.



Жүргізушінің бұл сөздері көп қыздарға майдай жақты.

"Толықтай келісемін", "жігіттерде запас болмайды дейсіңдер ме?", "3-4 жігіттің ішінен бір дұрысы шығады", "мен де соны айтам", "жарайсың", "дұрыс айтасыз", бір жігітке байланып қалу дұрыс емес",
деп жазды желідегілер.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.